ШҚО бас фтизиопедиатры: БЦЖ екпесі– әлемдегі жалғыз туберкулезге қарсы тиімді вакцина

2022 жылдың 4 айы ішінде облыста балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулезге шалдыққан алты жағдай анықталып, оның ішінде үш жағдай профилактикалық тексерулер кезінде анықталды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Балалық шақ – адам өмірінің аса маңызды кезеңі. Бұл уақытта болашақтың, саулық пен салауаттың негізі қаланады. Елімізде 18 жасқа дейінгі балалардың денсаулығына аса маңызды көңіл бөлінеді – қажетті скринингтік зерттеулер мен профилактикалық іс-шаралар медициналық көмектің бұлтартпас бөлшегі.
Осы ретте облыстың бас штаттан тыс фтизиопедиатры Светлана Моисеенко туберкулез ауруына қарсы екпенің маңыздылығын тағы бір рет еске салуды жөн санайды.

«БЦЖ екпесі балалар үшін міндетті вакциналардың бірі болып табылады, оны алғаш рет сәби жасында — перзентханада, дүниеге келген соң 3-4 күні жасайды. Ол туралы көптеген мифтер, әртүрлі өрілген және қорқынышты зардаптар мен асқынулар туралы әңгімелер тараған. Оларды тыңдай отырып, көптеген ата-аналар өздеріне жауапкершілік алады және осы вакцинациядан бас тартады. Олардың бірінші міндеті — дәрігерлерден БЦЖ туралы егжей-тегжейлі білулері қажет, өтйкені бұның арғы жағында ең бастысы бала денсаулығы тұр», — деді бас фтизипедиатр.

Маманның айтуынша, БЦЖ деген шет тілінен аударғанда BCG – Bacillus Calmette бациласы дегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы вакцина, ол тірі, бірақ әлсіретілген сиырдың туберкулезді таяқшасынан жасалады. Оның негізгі мақсаты – туберкулез таяқшасына қарсы бала ағзасының қарсылығын жоғарылату.
«Қазіргі уақытта осы екпенің көмегімен әртүрлі 28 аурулардың алдын алып отыр. Көптеген балалар екпенің арқасында қайғы-қасіреттен қорғалып отыр. Олардың ішінде аурудың аса ауыр түрлері – туберкулезді менингит, буын мен суйектердің зақымдануы мен өкпенің зақымдануының қауіпті түрлерін дамуын алдын алады; балалар арасындағы аурушандылықтың төмендеуіне ықпал етіп отыр. Әрбір бала екпе алып, мықты денсаулықпен өмір сүруге құқылы. Сондықтан дұрыс таңдау жасаңыздар!», — деп атап өтті Светлана Моисеенко.

Abai Aqparat.kz

Related Articles