Семейде Невзоровтар музейінде көне қала сәулетінің фотокөрмесі ашылды
Семейде Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамымен бірлесе отырып Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімінің 120 жылдығына арналған «Жаңа қаланың ескі келбеті» атты фотожобаны ашты, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Көрмеге 120 фотосурет қойылды, олардың қатарында Семейдің тарихи келбетін сақтап қалуға қоғамның назарын аударуға арналған қазіргі заманғы фотосуретшілерінің жеке коллекцияларындағы түрлі-түсті және ақ-қара фотосуреттері бар.
Қолымызда барды неге сақтамаймыз! Бүгінгі таңда тек фотосуреттерде қалған таңғажайып, шебер тұрғызылған сәулет туындыларының түпнұсқа суреттеріне қарағанда, амалсыз дәл осы сөз тіркесі еске түседі.
Көрме келушілерді өткенге көз жібертіп, ондаған, тіпті жүз жыл бұрынғы көпестік Семейге оралтады. 120 фотосурет, мағынасы жағынан музейдің екі залына орналастырылған, олар келушілерді Татар, Заречный, Тыныбай, Жоламан елді мекендерімен, сауда қатарларымен, ХХ ғасырдың басындағы провинциалды қаланың орталық көшелерімен, «шәй», «ұн» және «теміржол» патшаларының сәнді үйлерінің маңайынан қолдарынан жетектеп тұрғандай.
Шығармалар келушілерді тек Семейдегі бір жарым ғасырлық тарихы бар ғимараттарымен таныстырып қоймайды. Бұл жерден соңғы жылдардағы архитектуралық өнерді көруге болады. Монументалды өнер, мозайкалы панно, өндірістік кәсіпорындар, кеңес модернизмінің архитектурасы бөлек экспозициялармен бөлінген.
Фото экспонаттардың кейбірін өлкетанушылар жеке коллекциялардан ұсынды және олар ақ-қара түстегі көне қаланың фотосуреттері. Қалған фотосуреттер – бұлар осы жоба үшін арнайы түсірілген қаладағы дарынды фотосуретшілердің, Светлана Артюшинаның, Андрей Куряшиннің, Александр Правосудовтың, Владимир Прокопенконың, Константин Летягиннің, Елжас Мержақыповтың суреттері.
Экспозицияның ерекше бөлімін ежелгі қала ғимараттарының миниатюралары құрайды. Шағын сәулет өнерін жаңа бастап келе жатқан ізденуші суретші Валерий Коваленко бірнеше ай бойы жасады. Ал қала суретшісі Виктор Шмидт «Жаңа күннің шынайылығы» инсталляция арқылы тарихи келбетті сақтау мәселесіне өз көзқарасын білдірді. Көрме қызметкерлерінің айтуларынша, «инсталяция белгілік, ерекше түрде символдық болып табылады, олар бізге кетіп бара жатқан сулулық, үміттер, жоғалтулар туралы айтады».
Фотокөрмеге алғашқы келушілердің бірі – өлкетанушы, тарих мұғалімі, көлік колледжі музейінің бұрынғы меңгерушісі Ольга Исаева.
Ең бастысы, оның назарын физиотерапия институтындағы кварц кабинетінің фотосуреті аударды. Нақтылап алсақ, фотосуреттегі бөлменің қабырғасындағы сурет. Мәселе мында, институт ғимараты өртеніп кеткен, алайда кезінде осы институтытың қабырғаларын безендіріп тұрған көптеген картиналар құтқарылып қалған. Ольга Андреевнаның естеліктері бойынша бір картина Невзоровтар отбасы музейінің экспонаты болып табылады, ал осы физиокабинетті безендіріп тұрған картина қазіргі уақытта Орталық қалалық аурухана емханасының қабырғасын безендіріп тұр.
«Өз өміріңде кездестіретін нәрсені көру жақсы. Мысалы, мен бір палатаны көрсететін фотоны көрдім, оның қабырғасында бүгінде физиотерапия кабинетінің қабырғасында безендіріп тұрған картина ілініп тұр. Жалпы көрме бойынша айтқым келетіні, біздің қаламыздың тарихы фотосуреттерде тамаша бей неленген. Барлық суреттер жоғары сапалы екені анық, олар сол уақыттың рухын бере алды және ескі мен жаңаны салыстырды», — деп өз пікірімен бөлісті Ольга Исаева.
Abai Aqparat.kz