4 маусымда Семейде футбол фестивалі өтеді

Семейде 4 маусымда Абай облысының құрылуына және Республикалық референдумға, сондай-ақ «Елімай» футбол клубының қайта жаңғыруына арналған футбол фестивалі өтеді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Фестиваль бағдарламасы бойынша балаларға мастер-класс, қайырымдылық ғала кеші және Андрей Карпович достарының жұлдызды кездесуі өтеді.

«Фестивальға қазақстандық және ресейлік футбол жұлдыздары келеді. Бұл өте қызықты және тартымды кездесу болады деп сенемін. Сонымен қатар кездесу семейлік футболдың шәкірті Андрей Карповичтің қоштасу ойнына арналған. «Елімай» командасы А.Карповичтің достарына қарсы өнер көрсетеді. Бұл «Елімай» футбол клубының қай жаңғыруы. Семейде футбол болуы керек, себебі Семей қазақстандық футболдың Отаны. Бұл жере қаланың және жаңа облыстың намысын қорғайтын өз командасы болуы керек», – деді мерекені ұйымдастырушы Федор Симиниди.

Айтып өті керек, балаларға арналған мастер-класс «Спартак» стадионында, «Турист» қонақ үйінің спорт алаңында, сонымен қатар «Абай Арена» спорт кешенінде өтеді. Футбол фестиваліне қазақстандық футболдың жұлдызы Самат Смақов қатысады деп күтілуде.

«4 маусымда «Спартак» стадионына келіңіздер. Өте қызықты болады. Біз өзіміздің «Елімай» клубын жаңғыртуымыз керек. Бұл біздің мақтанышымыз, біздің тағдырымыз! Баршаңызды Абай облысының құрылуымен құттықтаймын», – деді облыстық мәслихат депутаты Серік Байғалиев.

Еске салайық, футбол фестиваліне кіру тегін.

Abai Aqparat.kz

Related Articles