Семей соңғы қоңырау рәсімі дәстүрлі форматта өтеді

Ертең, 25 мамырда сағат 10:00-де қаланың барлық мектептерінде соңғы қоңырау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Биылғы жылы осы мереке дәстүрлі оффлайн форматында өтеді.  Бұл ретте еліміздің Білім министрлігі мерекеге аниматорларды шақыруды, кафелерде және мейрамханаларда жиналуды, сондай-ақ мерекелік лимузиндерге тапсырыс беруді ұсынбайды. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко айтып берді.

  • Мектеп бітіруші түлектердің емтихандары 16 маусымда аяқталады, қалада мектеп бітуршілердің мерекелеуіне бір күн белгіленді, бұл – 17 маусым. Мерекенің негізгі шарты – ол мектеп қабырғасында өтуі. Бұл күні мектеппен қоштасы мектепте өтуі тиіс. Ата-аналардың қаржылық мүмкіндіктерінің теңсіздігін ескере келе, білім министрлігі лимузиндерде серуендеуді, жүргізушілерді шақыртуды, кафелер мен мейрамханаларда дастархандар жаюды тоқтатуды ұсынады. Педагогтар мен мектеп әкімшілігіне сый-сыйапатқа ақша жинауға қатаң тиым салынады, — деді Наталия Фесенко.

Abai Aqparat.kz

Related Articles