Семейде 1 маусымнан бастап жазғы мектептер жұмыс істейді

1 маусымнан 1 тамызға дейінге аралықта қалада жазғы мектептер жұмыс істейді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Жазғы мектептерге оқушылар ата-аналарының қалауы бойынша екі ауысымда бара алады. Ол жерде әр оқушы өз білімін жетілдіремін деген пәнді таңдай алады. Сонымен қатар маусымнан бастап мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлер жұмыс істейді.

  • Сонымен қатар қосымша білім беру мекемелерімен – музыкалық мектепте, балалар өнер мектебі және биологиялық орталық базасында жазғы лагерлер ұйымдастырылады. Жастар мен балалардың шығармашылық сарайында, сондай-ақ инновациялық технологиялар мектебінде де жазғы балалар алаңын ұйымдастырылады. Сонымен қатар колледждер базасында 8-сынып оқушылары үшін профориентациялық алаңдар жұмыс істейді. Ол жерде оқушылар сол колледждегі мамандықтармен танысады, дайындықтан өтеді. Жазғы лагерлерге тоқталсақ, олардың саны артқан жоқ. Лагерлерде жөндеу жұмыстары жүргізілген, бағдарламалар әзірленді, топ жетекшілері дайындықтан өтті. Қала сыртындағы лагерлер маусым айының ортасынан бастап жұмысын бастайды, – деп қосымшалады Наталия Фесенко.

Биылғы жылы оқушылар демалыс уақыттарын «Радуга», «Турксиб», «Жас Қанат» лагерлерінде, «Достық» спорттық лагерінде және № 3 балалар үйінің лагерінде өткізе алады.

Abai Aqparat.kz

Related Articles