Семейдегі мектептерді жөндеуге 500 млн теңге бөлінді

Биылғы жылы Семейдегі білім ордаларын жөндеуге 500 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 111 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко айтып берді.

  • Бізде әрбір мектеп жан басымен қаржыландырылады. Қамқоршылық кеңесімен мектеп бөлінген қаржыны қайда жұмсауын өздері шешеді. № 11 мектепте жылу жүйесі жөндеуді, № 17 және 40 мектептің шатырлары күрделі жөндеуді қажет етеді. 36 мектепке ағымды жөндеу қажет. Сонымен қатар жаңа интерактивті, инновациялы және STEM-кабинеттері сатып алынады, – деп айтып берді Наталия Фесенко.

Сонымен қатар мектепке қажетті жиһаздар сатып алуға қаражат бөлінеді.

  • Соңғы 10 жылда біздің мектептерге жиһаз жиі сатып алынбады, кей жерлерде олардың тозығы жетіп, істен шығып жатыр. Биылғы жылы жиһаз сатып алу жалғасады. Өткен жылы 8 – 10 жиһаз жиынтығы сатып алынды, биылғы жылы осы мақсатқа 88 млн теңге бөлінді, – деп түйіндеді білім бөлімінің басшысы.

Abai Aqparat.kz

Related Articles