Семейдегі Орталық саябақ: миллиардтап бөлінген қаражат, шешілмеген проблемалар
Семейліктердің отбасылары үшін сүйікті демалыс орны – Орталық мәдениет және демалыс саябағы, мін, үш жыл бойы қала тұрғындары тарапынан мазақ етіліп, ең талқыланатын тақырыпқа айналды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Үш жыл бұрын миллиард теңге бөлініп, саябақ жөндеуге жабылған. Жөндеу ұзаққа созылды, бірақта саябақ өткен жылы ашылды. Алайда қала тұрғындары бөлінген қаражатқа лайықты жөндеу жұмыстарын байқамады. Мүмкін бағаламаған болар?
Тарихына тоқталайық
Егер тарихына тереңі үңілсек, ХІХ ғасырдың ортасында бұл жерде адам өткісіз батпақты дала болды және бұл жерге жергілікті аңшылар үйрек атуға келетін. Батпақты дала ұсақ бұтақтармен, қияқпен, кей жерлері қамыспен жабылған болатын. Сол уақыттағы қала билігі батпақты орынды құрғату жұмыстарын жүргізді және ол өз жемісін берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында бұл жерде кірпіштен салынған әкімшілік ғимараттар мен дүкендер бой көтерді. Бірақ батпақты жер әлі де өзін сезіндіреді. Жер асты сулары көтерілгенде, көне үйлердің жертөлелеріне су жиналды, ал саябақтағы ағаштар шіри бастады. Сондықтан бұл жерде ХХ ғасырдың басында қалалық саябақтың іргетасы қаланды.
Семей қаласындағы ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында 1902 жылғы 15 наурыздағы қалалық Дума отырысының құжаттары сақталған. Сол кездегі қала басшысы А.Москвин Думаға Николь шіркеуі салынған Госфортов алаңына бульвар мен бақтарды орналастыру, осы алаңның төрт бұрышында үшбұрыш түрінде ағаштарды отырғызуды қарастыруды баяндаған. Сол уақыттағы қала билігінде саябақты аббаттандыруда қаражат проблемасы туындады және қала басшысы жасыл көшеттерді өз есебінен отырғызуға ұсыныс жасады. Дума Москвиннің ұсынысын қабылдады және «қаланы аббаттандыруға осындай қамқорлық танытқанына» алғыс білдірді. Осылайша, қала басшысы осы мақсатқа бір жарым мың рубль бөлді.
1911 жылы саябақ қалалық бақ атауын алды, ал 1930 жылы, Ленин ескерткіші орнатылғаннан кейін, қалалық бақтың атауы В.И.Ленин атындағы саябақ деп өзгертілді. Осы атаумен саябақ 1996 жылдың ақпанына дейін өмір сүріп келді.
Жыл сайын, қыс мезгілінде саябақта үлкен сырғанақ орнатылды. 1959 жылы ол «Руслан және Людмила» поэмасындағы сиқыршының басымен тәж киді. Сырғанақтың жан-жағына шыршалар отырғызылды және фанер ағаштарынан жасалған халық ертегілеріндегі кейіпкерлер орнатылды. Келесі жылында саябақта «Ракета» сырғанағы орнатылды.
Бүгінгі күн
2008 жылы Орталық саябаққа Шәкірім Құдайбердіұлының ескерткіші орнатылды. Ескерткіш айналасын көркейтуге уәде берілді. Бірақта маңайындағы гүлдерге су құюды ұмытып кетіп отырды және күннің аптаған ыстығында гүлдер солып қалды. Содан кейін ескерткіштің айналасындағы гүлдердің орнына декоративті ақ тастар төседі.
2019 жылы қала билігі жалпы құны бір жарым миллиардты құрайтын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдады.
Сол уақытта қала әкімі Ермак Сәлімов жобаны ұсынып, жасыл бұрышқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Орталық саябақ, қалалықтар үшін заманауи және жайлы демалыс орнына айналатынын айтып, уәде берген болатын. «Біз ағаштарға тимейміз, — деп нақтылады Ермак Сәлімов. – Бізде орманпатологиялық сараптама бар. Біз тек ағаштардың ұштарын кесуді жүргіземіз. Алаңдар қарастырылған жерлердегі ғана ағаштар жойылады». Саябақ 4 аймаққа бөлінеді деп болжанды. Балалардың ойын алаңы, спорттық алаң және амфитеатр пайда болып, саябақ аумағында заманауи су бүркек және орындықтар орнатылады. Жарықтандыруға көп көңіл бөлінетін болады. Саябақтың барлық аумағына светодиотты шамдар орнатады.
«Саябақта футбол, баскетбол, волейбол және скейт алаңдары пайда болады, — деп мәлімдеген болатын жобалық компания басшысының орынбасары Марат Джумагулов. – Балалар үшін, табиғи материалдардан жасалған заманауи ойын айлаңдары қарастырылған. Аға буын үшін де орындар болады. Оларға арналып шахмат және би алаңдары орнатылады».
Тәттілерді сататын дүңгіршектер бұзылады, оларға арнайы жер учаскесі бөлінеді деп болжанды.
Бірақ жоғарыда айтылғандардың бәрі сөз жүзінде ғана қалған сияқты. Саябақты жөндеу жұмыстары созылып қана қойған жоқ, оның кейпі оған бөлінген миллиардтаған қаражатқа татымайды. Жаңартылған саябақ, жөндеу жұмыстары толықтай аяғына дейін аяқталмасына қарамастан, ресми түрде өткен жылдың 1 маусымында ашылды.
Сол уақытта ғана қалалық әкімдік мердігер мекеме «Еңбек Семей» кәсіпорнын сотқа бергені белгілі болды. Жаңа әкім Нұрымбет Сақтағанов сол уақытта мердігер мекеменің жұмысты аяқтауына қаражаты жетпей қалғанын айтып берді.
«Біз мердігерді шақырдық, оның ақшасы жоқ. Депутаттық корпус тағы 30 млн теңге сұрап отыр. Мен айттым: «Бірде бір тиын болмайды. Ертең кім жауап береді? Қажетті барлық қаражат бөлінді»», — деді сол жылы Нұрымбет Сақтағанов.
Қаражаттың қалай жұмсалғанын анықтау үшін мердігер компанияның кемшіліктері зерттелді.
«Біріншіден, төселген тастардың саны мен сапасы. Ол жерде, мысалы, 14 646 шаршы метр төселуі керек. Өлшедік, 13 000 шаршы метр болып шықты, яғни мың шаршы метр жетпейді. Веложол да жоқ. Суару қондырғысы жұмыс істемейді. Басқа да сұрақтар бар. Осының бәрін ағазға түсіріп алдық және бүгін сотқа, қосымша құқық қорғау органдарына береміз. Олар айналысатын болады», — деп хабарлады әкім.
Мердігермен келісімшарт әлі күшінде болғандықтан, бұрын сотқа жүгіну мүмкін болмады. Осы уақыт ішінде орындаушыларды жөндеу жұмыстарын аяқтауға шақырдық. Алайда еш нәрсе жасалған жоқ.
«Бұл мердігерді біз осы саябақты жөнге келтіруге мәжбүрледік, біреулер арқылы да, өзіміз де шықтық. Бірақ 1 маусымға дейін не істелді, сол істелді. Енді олардың ақшалары және күші жоқ. Олар бәрін айтты. Енді міне келісімшарт аяқталды, біз құқық қорғау органдарына береміз», — деп түсіндірді Нұрымбет Сақтағанов.
Ағымдағы жылдың өткен айында Семей қаласының қазіргі әкімі Бақытжан Байахметов Орталық саябаққа рейд жасап қайтты. Әкімдікте хабарлағандай, қазіргі уақытта саябақта суару құбырларын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Суару аймақтарын нақты картаға бөліп, сорғыларды оңтайландыру қажет. Қала әкімі саябақ аумағын құлаған жапырақтардан және де басқа қалдықтардан тазалауға тапсырма берді. Саябақта көзделген жұмыстардың барлығын күнделікті бақылауына алуға уәде берді.
Ал миллиард қайда жұмсалғанын ешкім анықтай алмады, тек бөлінген қаражаттың бір бөлігі, баға құны семейліктердің үрейін алған саябақ аумағына орнатылған кіші архитектуралық формаларға жұмсалғаны ғана белгілі. Ол формалардың кейбірінің құны пәтер құнымен тепе-тең. Өздеріңіз баға беріңіздер.
Abai Aqparat.kz