Семейлік кәсіпкер ерекше балаларға көмек көрсетуде

Семейлік кәсіпкер ерекше балалардың спортпен айналысуларына жан-жақты қолдау білдіруде, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

«Абай Арена» көпсалалы спорттық-мәдени кешенінде екі бассейн бар. Жергілікті кәсіпкер және AMANAT партиясынан депутат Әсемхан Досқұжановтың арқасында бассейндердің бірінде мүмкіндігі шектелген балалар тегін айналысуда.

«Бізде 30-ға жуық бала жүзумен айналысады. Қазір біз мамыр айының соңында өтетін жарысқа дайындалудамыз. Жуырда Өскемен қаласында болып келдік,. Ол жерде біздің балаларымыз ІІ және ІІІ орын иеленді», — деді бейімделген жүзу бойынша жаттықтырушы Ернұр Қайров.

Кәсіпкер жас спортшыларға жан-жақты қолдау білдіруде. Оларға арнап біріңғай форма сатып алды және балаларға кәсіби бассейнді пайдалануға берді.

Abai Aqparat.kz

Related Articles