Бородулихада жоғалған жылқы Семейден табылды
Новопокровка ауылында жоғалған жылқы Семейде табылды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейде Қабылбаев көшесі бойында табылған жылқы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылы тұрғынының жылқысы болып шықты. Анықталғандай, жануар 30 шақырым жүріп келген.
«25 мамырда жылқының иесі полиция органдарына хабарласты және сол күні жылқы иесіне қайтарылды», — делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 мамырында Семей қ.ПБ ППБ “Барыс-33” экипажы қала көшелерінде қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша кезекшілік атқару барысында, Қабылбаева көшесі бойындағы «TAYOTA» орталығы маңында жалғыз жайылып жүрген жылқы малын көріп қалады. Қараусыз жүрген жылқының иесі табылмаған соң мал ұрлығының алдын алу мақсатында оны Бейбітшілік аралында орналасқан Семей қ.ПБ Кавалерия бөлімшесіне орналастырды.
Abai Aqparat.kz