Семей әкімі архитектура бөлімінің жұмысын сынға алды

Семей әкімі Бақытжан Байахметов қалалық архитектура бөлімінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семейдің қоғамдық кеңесінің отырысында Семей әкімі Бақытжан Байахметов архитектура бөлімін сынға алды. Жаңартылған қоғамдық кеңес құрамының негізгі принципі сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мердігермен атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау деп атап өтті Бақытжан Байахметов. Шаһар басшысы қала көшелеріндегі жаппай құрылыстардың жүргізілулеріне қатысты тұрғындардың арыз-шағымдары бар екенін атап өтті.

  • Қаладағы кейбір жобаларды қайта құру фактілері бар, себебі құрылыс басталғанда олардың егжей-тегжейлі жоспары жоқ және құрылыс басталғанда жоспар сызылып, өзгере бастайды. Егер бқған жол берілсе, жобаның басталуына дейін біраз сөз байласу болған көрінеді. Бұған жол берілмеуі керек. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жаппай құрылыстар басталады. Әрине, біз ЖСҚ қараймыз, қай жағынан қарасақ та, осындай заңсыз салынған құрылыстарды бұзу керек. Бірақ бізге кім рұқсат береді, егер кезінде атқарушы орган өз уақытында осы рұқсатты өздері берсе? Шегі жоқ шеңбер болып табылғаны ғой. Біздің мақсатымыз осындай жағдайлар алдағы уақытта қайталанбауларына жол бермеу, — деді Бақытжан Байахметов.

Қамла басшысының атап өтуі бойынша, рұқсат құжаттарынсыз салынып бастаған тұрғын үйлерді салу кезінде жиі сәйкессіздіктер анықталады.

— Мысалға, қалада рұқсат құжатынсыз және сметасыз бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Яғни, үй пайдалануға беруге дайын емес, өйткені ешқайда қосылмаған. Сонымен қатар жеке құрылыс иелері көбінде қозғалысқа қауіп төндіреді, құрылыс алаңын тек жартылай ғана жабады. Осының бәрін көріп тұрып, одан ары жұмысты қалай жалғастыра береді? Сол жерге жауапты бөлімдерді жіберуге тура келеді, дегенмен олардың өздері де бұл заңсыз құрылыстар туралы біледі. Осындай құрылыстар жұмыс кезінде тіпті жолдарды да жауып үлгереді. Яғни, коммерциялық ұйымдарға осындай қызмет көрсететін сияқтымыз. Әрине, коммерциялық ұйымдардың дамуына мен қарсы емеспін, бірақта олар заңды жолмен дамулары керек. Құрылыстың жобасы эскизді бекітілуі керек, барлығы көрсетілуі тиіс. Қазіргідей, құжаттарсыз болмауы керек. Коммерциялық сектор құжаттарсыз бұзуға болатындардың барлығын бұзуда. Ал біз үндемей келісеміз немесе басқа бір келісімдер бойынша заңды айналып өтіп, осы жұмысты жалғастыра берулеріне жол берудеміз, — деп қосымшалады Бақытжан Байахметов.

Сонымен қатар әкім кейбір бөлімдермен өзі жеке айналысатынын атап өтті және қоғамдық кеңесті әлеуметтік желілердегі семейліктердің арыз-шағымдарына дер кезінде әрекет етуге шақырды.

— Мен осы бөлімдермен жеке айналысатын боламын. Себебі қалада заңсыз салынып жатқан құрылыстар өте көп, — деп қосып өтті қала басшысы.

Сонымен қатар Бақытжан Байахметов қаладағы салынып жатқан үйлердің архитектурасы бір үлгіде екенін атап өтті.

  • Қалада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бұл жақсы, бірақ құрылыс әдемі көрінуі керек. Біздің жағдайда, салынып жатқан үйлердің бәрі бір үлгіде. Әрине, бұл кемшіліктерді біздердің өзіміз жібердік, үйлердің қасбеттерін әр-түрлі етіп салу мәселесін көтерген емеспіз және мердігер талап етпедік. Барлық қалаларда архитектуралық әртүрлілік бар, ал бізде бәрі біріңғай үлгіде, бірде бір мурал жоқ десе де болады, — деді Б.Байахметов.

Қазіргі уақытта бюджеттік инвестицияны және жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Қала басшысы комиссия мүшелеріне және қоғамдық кеңеске қала ғимараттарының құрылысын ғана емес, сонымен қатар олардың сәулетін де бақылауға алуды тапсырды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles