Семей әкімі жолдарды жөндеуде ескі асфальттарды пайдалануға түсіндірме берді

Осыдан біраз күн бұрын семейліктер әлеуметтік желілерде жолдардың оғаш жөндеу мәселелерін көтерген болатын, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мән жайы мынада, қала тұрғындарының айтуларынша, жұмысшылар жолды жөндеген кезде ескі асфальт жабындысын пайдаланған. Қоғамдық кеңес отырысында осы жағдайға қала әкімі Бақытжан Байахметов түсіндірме беріп өтті.

— Ақпарат өте жылдам тарайды. Жуырда біз жолдарды жөндеу кезінде оның негізіне ескі асфальтты, ал оның үстіне жаңа асфальт төседік. Жаңа асфальтты төсеп те үлгермедік, сол мезетте негізіне төселген ескі асфальтты түсіріп алып, Семей жолдарды жөндеуде ескі асфальтты пайдаланады екен деп әлеуметтік желелерге салып жіберген. Шын мәнінде ескі асфальт қиыршық тас орнына төселген. Ұсталымы жоғары болу үшін материалды қайта пайдалану тәжірибесі бар, ескі асфальтты төсеген қиыршық тастан да жақсырақ, — деп түсіндірді Бақытжан Байахметов.

Дегенмен, халықтық бақылаудың болғанын қала басшысы қажетті көрініс деп есептейді және кеңес мүшелерін қала тұрғындарының арыз-шағымдарына құлақ асуға шақырды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles