ШҚО-да жүзуден облыстық чемпионат аяқталды

Шығыс Қазақстанда мүмкіндігі шектелген адамдар арасында жүзуден облыстық чемпионат аяқталды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 60-қа жуық адам қатысты. Осындай көлемді жарыста Семей қаласының намысын сегіз жас жүзуші қорғады. Семейлік спортшылар жарыста жақсы өнер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар сурдо (есту қабілеттері бұзылған спортшылар) және пода (жоғарғы аяқ-қолдары бұзылған; төменгі аяқ-қолдарыбұзылған; аралас бұзылулары бар спортшылар) номинациясы бойынша құрметті орындарды жеңіп алды.

  • Жарыс Өскемен қаласында өтті. Семей қаласының атынан сегіз адам қатысты. Спортшыларымыз төрт жүлделі орынды жеңіп алды. Жарысқа бір айға жуық дайындалдық. Жаттығулар «Арена» көп салалы спорттық кешенінде өтті. Қарсыластарымыз мықты болды, біз жоспардағының бәрін қолдандық. Жарты жыл бойы жаттығып жүргенімізді ескерсек, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш және одан ары дамуға ынталандырады. Біраз демалып, келесі жарыстарға дайындықтарды бастаймыз, – деді «Семей-Номад» командасының бапкері Ернұр Қайров.

Спода санатында І орынды Ерік Жанғаскин (дельфин стилінде) жеңіп алды. Ол еркін жүзуден де екінші орынды иеленді. Тағы бір жерлесіміз Темірлан Айдабол сурдо санатында (арқамен жүзу) қол жүлдені жеңіп алды. Рахат Ардақұлы сурдо санатында еркін жүзуден қола жұлдені қанжығасына байлады.

Спортшыларымыз осы жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес.Олар тамыз айында өтетін Қазақстан біріншілігіне қатысуды жоспарлауда. Спортшы жігіттеріміз Amanat партиясынан депутат Әсемхан Досқұжановқа осындай көлемді жарысқа дайындалуға қолдау білдіргендеріне алғыстарын білдіруде. Осындай жерлестеріміздің спортқа деген құлшыныстары халық қалаулысын бей-жай қалдырмады.

«Semeynews.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясы спортшыларымызды жеңістерімен құттықтайды және алдағы жарыстарда спорт шыңдарынан көріне берулеріне тілектес.

Abai Aqparat.kz

 

Related Articles