Бүгін қалалық әкімдікте өрттен екі адамды құтқарып қалған батырды марапаттады
Бүгін Семей қалалық әкімдігінде екі адамның өмірін құтқарып қалған батырға қала әкімі Бақытжан Байахметов сыйлық сертификаты мен грамота табыстады, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Өткен демалыста қаладағы кафелердің бірінде өрт болды. Өрт болған кафе маңында тұратын семейлік Дәрен Жамбаев, түтінді байқап 101 арнасы хабарлаған. Өртке оранған ғимарат ішінде екі қызметші бол,ған. Ол құтқарушыларды күтпей, өз өмірін тәуекелге тігіп, ғимараттағы түтін құрсауында қалған екі адамға көмекке ұмтылды.
Дәуреннің айтуы бойынша ол батыр болуды жоспарламаған. Сол күні түнде ер азамат футбол ойнын тамашалап болғаннан кейін сыртқа шығып, кафе ғимаратынан шығып жатқан түтінді байқаған, содан кейін жылдам құтқару қызметіне қоңырау шалған.
- Мен футбол фанатымын, сол түні кезекті футбол ойнын тамашалап, ғимараттан шығып жатқан түтінді байқадым. Мен кафеге қарама-қарсы тұрамын, сыртқа жүгіріп шығып құтқарушыларға хабарластым. Олар жеткенше мен ғимарат ішінде адамдар бар ма деп қатты алаңдадым. Олардың ішінде болғаны белгілі болды. Есін білмейтін бір адамды шығарып үлгердім, ол қайда жүргенін түсінбеді. Ол есіне келіп, ғимарат ішінде тағы бір адам қалғанын айтты. Мен пердені жұлып алып үйге ұмтылдым, есік ішінен жабық болды. Өзім түншығып қалдым, далаға шығып ғимаратты айналып, кірпішпен терезені шақтым. Ішінде болған адам бірден есін жиған сияқты болды, мен оны демеп далаға алып шықтым. Одан ары құтқарушылар келді және өз жұмыстарын жалғастырды. Мен өзімнің бұл әрекетімді батырлық деп есептемеймін, менің орнымда кез келген адам осылай жасайтын еді, — деді Дәурен Жамбаев.
Дәуреннің өзі бес бала тәрбиелеуде. Батыр тұлға Назарбаев зияткерлік мектебінде директордың қаржы және экономика жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарады.
Abai Aqparat.kz