Семейде үздік 100 студент марапатталды

Абай театрында Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен ерекше кеш өтті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Ағымдағы оқу жылында айрықша белсенділігімен көзге түсіп, оқудан бөлек университет беделін арттыруға қосқан үлесі үшін үздік студенттерге түрлі деңгейде марапаттар ұсынылды.
Шараның мақсаты– академиялық, ғылыми-зерттеу, шығырмашылық және спорт бағыттарында жетістіктерге жеткен үздіктерді анықтау.

Алғаш ұйымдастырылып отырған кешке университет түлегі Малгаждаров Мирас басқаратын “Abay Media Group” ұжымы, жерлес ақын Серік Қалиев басшылық ететін «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қоры, белгілі алашшыл азамат Аятжан Ахметжан басқаратын Республикалық «ҚАЗБІЛІМ» орталығы және «QALAM мұғалім – 2021» жобасы демеушілік етті.

  • Қырандар түлегі қашанда қияда самғауы тиіс! Білімге, ғылымға, өнерге баулып отырған белсенді жастарымыз қашанда нартәуекелділік пен іскерлікке ұмтылғаны абзал. Араларыңыздан Абай аңсаған «кемел тұлға», Шәкәрім өсиет еткен «халқына еңбек қылатын», Мағжан сенген жігерлі «жастар» түлеп, Қазақ елінің даңқын арттыра берсін демекпін,- деді Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков.

Оқу жылы бойы 1000-нан аса студент top100.shakarim.kz/ сайтына тіркеліп, өздерінің жетістіктер тізімін ұсынған. Нәтижесінде диагностикалау жүйесіндегі мәліметтерге сәйкес рейтинг әзірленіп, ең үздік 100 студенттің тізімі анықталды.

Кеш барысында жоғары нәтиже көрсеткен студенттер «Үздік студент» төс белгісімен,
100 студент «Шәкәрім» атындағы бір реттік шәкіртақымен, 20 студент демеушілер шәкіртақысымен марапатталды.

Шара республикалық өнер байқауларының жеңімпаз студенттерінің және қаланың танымал әншілерінің мерекелік концерттімен жалғасты.

Abai Aqparat.kz

Related Articles