ШҚО-да әйел адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Өскеменде 25 жастағы алаяқ тұрғын үй алуға көмектесемін деп жергілікті әйелді алдап кетті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәуір айының соңында Өскемен қаласы ПБ Солжағалау ПБ “102 “жедел арнасына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны арызбен жүгініп, бейтаныс адам мобильді қосымша арқылы оның атынан 3 млн теңге ақшалай несие рәсімдегенін айтты.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Одан жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған.

Полицейлер ер адамның бұрын банкте жұмыс істегенін анықтады. Күдіктінің үй алып беремін деген көмегіне сенген әйел алаяқтың арбауына түскен. Ал бұрын банкте жұмыс істеген алаяқ жағдайды пайдаланып, оның атына несие ресімдеп алған.

Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Abai Aqparat.kz

Related Articles