Семейде Балаларды қорғау күнін мерекелеуде

Бүгін Семей қаласында Ертіс жағалауында балалар күніне арналған мерекелік концерт, түрлі көңілді байқаулар өтті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Сахнаға жақын жерде қалалық оқу орындарының көрмесі қойылды. Қалалық мектептер мен бала-бақшалар ойыншық машиналар мен ұшақтардың, ағаш және пластикалық мүсіндердің әртүрлі модельдерін мереке қонақтарының назарына ұсынды.

  • Бүгін өте жарқын және мейірімді мереке. Бұл күні біз қонақтарға қағаздан, пенопластан және басқа да материалдардан жасалған түрлі бұйымдар ұсынамыз. Бұның бәрі – біздің балабақшамыздың басшылығының, балаларымыздың және олардың ата-аналарының бірлескен жұмыстары, — деді балабақшалардың бірінің өкілі Салтанат Мүлтиханова.

Балалар мерекесіне қала әкімі Бақытжан Байахметов болып, көрме экспозициясымен танысып, кішкентай балаларды мерекемен құттықтады.

Көрмеден бөлек, балалар Кубик Рубик құрастыруда бақтарын сынап көрді және көңілді байқаулар мен викториналарға қатысты. Балалардың асфальтқа сурет салу байқауын өткізу үшін Ертіс жағалауындағы көше жабылды. Мереке сағат 13:00-де аяқталды.

Сонымен қатар бұл күні Ертіс жағалауындағы мерекеден бөлек Невзоровтар отбасы атындағы музейде көрме өткізіліп, жас аналарға арналған оқыту семинары мен лекция және көңілді байқаулар өткізіледі.

Abai Aqparat.kz

Related Articles