Семейде бойжеткенді көлік қағып кетті

Семейде жаяу жүргіншілер жолағында 19 жасар бойжеткенді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспсөз қызметінің хабарлауынша, 31 мамырда сағато 13:10 шамасында LADA 21703 көлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші Әуезов даңғылы бойында жаяу жүргіншілер жолағында 19 жастағы бойжеткенді қағып кетті.

Оқиға салдарынан бойжеткен түрлі дене жарақаттарын алды.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», — делінген ведомство хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles