Семей құтқарушылары мен орманшылары орман өртімен күресуде
Семей құтқарушылары мен орманшылары орман өртімен күресуде, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 маусымда сағат 14:27 шамасында «Семей Орманы» МОТР Жаңасемей филиалының Подгорное орман шаруашылығында орман өртенуде. Өрт аумағы шамамен 160 Га құрайды.
Орман өртін сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 140 адам, 34 бірліктегі техника және орман шаруашылығын күштері жұмылдырылды, сондай-ақ қосымша ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің күші жолданды.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі — найзағайдың түсуі. Құрғақ, аптап ыстыққа байланысты Семей қаласында 5 сыныпты өрт қауіптілігі жарияланды.
Abai Aqparat.kz