Мәжілісмен Әмерхан Рахымжанов Семейге келді

Семейге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әмерхан Рахымжанов келді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Сапар барысында мәжілісмен Семей медициналық университетінде болып, оқу орнының жұмысымен, техникалық жабдықталуымен танысты, сонымен қатар жоғарғы оқу орнының студенттерімен және оқытушы құрамымен кездесу өткізді.

  • Мен Семей медициналық университетіне келуді осыдан бірнеше жыл бұрын, Тұңғыш Президент кітапханасында жұмыс істеген кезде жоспарлағанмын. Сол уақытта біз үлкен көрмемен Семейге келіп, конференция өткізгіміз келді, бірақ пандемия біздің барлық жоспарларымызды бұзды. Бүгін міне, мен Кеңес дәуірінен бастап қызмет жасап, бүгінгі күні аты әлемге танылған медицина саласындағы жоғарғы оқу орындарының бірі, әйгілі Семей медициналық университетінде сіздермен кездесу бақытына ие болдым. Бұл университеттің түлектері әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істейді. Сіздермен кездескеніме қуаныштымын, — деді Әмерхан Рахымжанов.

Парламент Мәжілісінің депутаты медициналық университеттің техникалық жабдықталуын жоғары бағалады және жастарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles