Семейде жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Пархоменко көшесінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Аталмыш көшеде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды. Қаржаубайұлы көшесіндегі негізгі көлік ағынын жеңілдету мақсатында асфальт төселді. Осы мақсатта орташа жөндеу жұмыстары аяқталды:
— Пархоменко көшесі, Қаржаубайұлы көшесінен Қабылбаев көшесіне дейін, ұзындығы 1,9 км. Көшенің ені – 9 м, ауданы – 16835, 54 шаршы метр;
— Жангелдин көшесі, Қаржаубайұлы көшесінен Жаңатайұлы көшесіне дейін, ұзындығы 0,4 км. Көшенің ені – 8 м, ауданы – 3005,9 шаршы метр;
— Қабылбаев көшесі, Пархоменко көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейін, ұзындығы 0,2 км. Көшенің ені — 8 м, ауданы-1708,9 шаршы метр.

Тұрғындармен кездесу барысында жоспарға тағы бірнеше жобаны, соның ішінде Нұрбаев, Сроственнская, Деповская көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, тротуарлардың жағдайы, аялдама павильондарының жоқтығы, қоғамдық көліктің жұмысы туралы мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, қала тұрғындары №3 жалпы білім беретін мектеп аумағында балалар спорт алаңын орнатуды сұрады. Бақытжан Байахметов ТҮКШ бөліміне айтылған барлық мәселелерді қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, қала басшысы Сәтпаев көшесіндегі 2-ші Загородняя көшесінен Омбы-Майқапшағай автомобиль жолына дейінгі жол жұмыстарының барысын бақылады. Жолдың ұзындығы – 3 км, орташа ені – 14 м, жалпы ауданы – 42 000 м2 құрайды.

Жөндеу жұмыстары шамамен ағымдағы жылдың маусым айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.

Abai Aqparat.kz

Related Articles