Семейлік депутат жас жүзушілерді өз қамқорлығына алды

Семей қаласының бизнесмені, AMANAT партиясынан депутат Әсемхан Досқұжанов жас жүзушілерді өз қамқорлығына алды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Мамыр айының соңында Өскемен қаласында мүмкіндігі шектелген адамдар арасында жүзуден облыстық чемпионат аяқталды. Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 40-тан астам спортшы қатысты. Осындай көлемді жарыста Семей қаласының намысын сегіз жас жүзуші қорғады. Семейлік спортшылар жарыста жақсы өнер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар сурдо (есту қабілеттері бұзылған спортшылар) және пода (жоғарғы аяқ-қолдары бұзылған; төменгі аяқ-қолдарыбұзылған; аралас бұзылулары бар спортшылар) номинациясы бойынша құрметті орындарды жеңіп алды.

  • Жарыс Өскемен қаласында өтті. Семей қаласының атынан сегіз адам қатысты. Спортшыларымыз төрт жүлделі орынды жеңіп алды. Жарысқа бір айға жуық дайындалдық. Жаттығулар «Арена» көп салалы спорттық кешенінде өтті. Қарсыластарымыз мықты болды, біз жоспардағының бәрін қолдандық. Жарты жыл бойы жаттығып жүргенімізді ескерсек, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш және одан ары дамуға ынталандырады. Біраз демалып, келесі жарыстарға дайындықтарды бастаймыз, — деді «Семей-Номад» командасының бапкері Ернұр Қайров.

Спода санатында І орынды Ерік Жанғаскин (дельфин стилінде) жеңіп алды. Ол еркін жүзуден де екінші орынды иеленді. Тағы бір жерлесіміз Темірлан Айдабол сурдо санатында (арқамен жүзу) қол жүлдені жеңіп алды. Рахат Ардақұлы сурдо санатында еркін жүзуден қола жүлдені қанжығасына байлады.

Семей қаласының бизнесмені, AMANAT партиясынан депутат Әсемхан Досқұжанов жас жүзушілерді өз қамқорлығына алды.

  • Мен өзім, бизнесмен ретінде осы балаларды қамқорлығыма алдым. Олар физикалық тұрғыда жақсы дамыған, спортпен айналысып, жарыстарға қатысулары керек. Спортшыларымыз жарыста лайықты жеңіске жетті, және одан ары өздерін дамытады деп ойлаймын. Бұл үшін перспективалар бар, облыстық және республикалық деңгейлердегі көптеген жарыстар өтеді. Біз алдағы уақыттарда да балалардың сапарларын және спорттық киімдер сатып алуларын қаржыландыратын боламыз, — деп түйіндеді Әсемхан Досқұжанов.

Abai Aqparat.kz

Related Articles