ШҚО-да сауда агенті кәсіпорынға тиесілі қаражатты талан-таражға салған

Өскеменде супервайзер кәсіпорынға тиесілі 1 млн. теңгеден астам қаражатты иемденіп алған, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 3 мамырында Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ 41 жастағы кәсіпорынның өңірлік директорынан өтініш келіп түсті. Өтінішінде өткен жылдың 1 желтоқсанынан 2022 жылдың 29 сәуіріне дейінгі аралықта кәсіпорнында 1 200 000 теңгеден астам қаражат талан-таражға салғанын хабарлаған. Бұл іске қоластындағы мекемеде супервайзер болып жұмыс істейтін 33 жастағы қала тұрғынының қатысы бар деп күдіктенетінін жеткізген. Директордың сөзінше, қоластындағы әйел ақшаны иемденіп алу мүмкін екендігін айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, одан жауап алу барысында ол кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 — бабы 1-бөлігі «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Abai Aqparat.kz

Related Articles