Семейде маршруттық автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Семейде қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 мамырда сағат 09:40 шамасында 67 жастағы жүргізуші басқарған HYUNDAI көлігі Бозатев-Селевин көшелерінің қиылысында, Селевин көшесіне бұрылу маневрін жасау кезінде маршруттық автобуспен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, «Авто Транс Семей» ЖШС материалдық шығын келтірілді.

HYUNDAI көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ІҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles