Семейде қала орталығында қараусыз жайылып жүрген сиырлардың иесі жауапкершілікке тартылды

Семейде қала орталығында жайылып жүрген табын сиырдың иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Әлеуметтік желілерде қаланың орталық бөлігінде, Бауыржан Момышұлы көшесінде иесіз еркін жайылып жүрген сиырлар туралы видео пайда болды.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 маусымда иесіз жайылып жүрген сиырлардың 51 жастағы иесіне қатысты ҚР ӘҚК 408-бабының 1-бөлігі бойынша  (жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған әкімшілік құқықбұзушылық бойынша ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұқл көзделген.

Abai Aqparat.kz

Related Articles