Семейде жалпыреспубликалық референдум өтуде

Семейде сайлау қалай өтіп жатқану туралы Abaiaqparat порталының редакторы Думан Кенжеғазин Turkistan республикалық телеканалымен болған теле көпір барысында айтып өтті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

  • Семейде референдум қарқынды өтуде. Жалпы қалада 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олардың ішінде 19 сайлау учаскесі жабық түрде. Қала бойынша сайлаушылардың саны 228 372 адам. Біздің редакция таңертеңнен бастап референдум барысын жариялау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде, — деді Думан Кенжеғазин.

Қала тұрғындары өз азаматтық міндеттерін танытып, сайлау учаскелеріне келіп жатыр.

  • Қазіргі уақытта ауа-райы бұзылып кетті, бірақта бұған қарамастан тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытып, референдумға белсенді қатысуда, — деді эфирде қалалық мәслихат депутаты Еркебұлан Тұрсын.

Abai Aqparat.kz

Related Articles