Семейліктер өз таңдауларын жасауда

Бүгін саяси науқан Семейдің № 179 учаскесінде қарқынды өтуде. Учаскедегі дауыс беруге қатысатындар саны — 2337 адам және үйде орналастырылған адамдар саны -16, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Қазіргі таңда 466 адам келіп, дауыс берген.

Сайлау учаскесінің комиссия төрағайымы Айжан Заданқызының айтуынша, учаске жұмысын 07.00 -ден бастап кеткен. Барлығы қатаң ережеге сай өтуде.

  • Біздің учаскенің басты ерекшелігі- халықтың белсенділігі деп айтар едім. Осы уақытқа дейін қандай да бір құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Ең қарт сайлаушымыз 96 жасар қарт. Енді ережеге келер болсақ, егер белгілі бір азаматтар денсаулығына байланысты немесе басқа себептермен өз бетінше толтыра алмаса, (бірақ референдумды ұйымдастырушылар мен бақылаушылардан көмек сұрауға болмайды) басқа азаматтың қызметін пайдалануға құқылы. Сонымен қатар, сайлау комиссиясының өкілі дауыс беруші азамат жауап беру нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қоя алады,- деді 179 сайлау учаскесінің комиссия төрайымы Айжан Заданқызы.

Ережеге сәйкес, белгі қарындашпен қойылған, тазарту іздері немесе қолдан жасаудың өзге де тәсілдері бар бюллетеньдер де жарамсыз деп танылады.

  • Сайлауға қатысу әрбір адамның парызы деп білемін. Елімізді, жерімізді құрметтейтіндіктен, саяси науқанға келіп, өз еркіммен дауыс бердім. Жұмыс жасап отырған комиссия мүшелері барлығын жете түсіндіріп берді. Өте ризамын. Қарап отырсам, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан адамдар таң бозынан келіп жатыр,-деді сайлауға қатысушы Любовь Даниловна.

Қала бойынша барлығы 149 учаске жұмыс істеуде. Қала бойынша дауыс берушілердің жалпы саны 228 372 адамды құрайды.

Айта кетейік, референдумға қатысқандардың 50 пайыздан астамы оған нақты дауыс берсе ғана, түзету қабылданады.

Abai Aqparat.kz

Related Articles