ҰОС ардагері Матвей Юрченко референдумға дауыс берді

Семейде Конституцияға өзгеріс пен толықтыру енгізу бойынша жалпыреспубликалық референдум басталды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz. 

Сайлауға Ұлы Отан соғысының ардагері Матвей Юрченко қатысып, өз таңдауын жасады. Ардагер үйінде дауыс берді.

«Осы референдум бәріміз үшін маңызды. Біз өмір бойы дауыс бердік. Келіп, бәрін түсіндіріп бергендеріңізге рахмет. Еліміз жақсы жаққа өзгереді деп үміттенемін», — деді ардагер.

Матвей Артемьевич Юрченко 1925 жылы 20 тамызда дүниеге келген. 1943 жылдың наурызында Красноярск өлкесі Минусинск аудандық әскери комиссариатымен майданға шақыртылды. 1943 жылдан 1945 жылдың мамырына дейін 229 атқыштар полкі қатарында 2-Украина майданында шайқасты. Жауынгерлік ерлігі үшін «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Abai Aqparat.kz 

Related Articles