Қазақстандық футболда аттары аңызға айналған спортшы ардагерлер Семейдегі «Арена» спорт кешенінде болды

Қазақстандық футбол ардагерлері Аренаның сыртқы келбетіне, сондай-ақ жабдықталуына жоғарғы баға берді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

«Мен Семейде жиі болып тұрамын, кезінде өзімде ойнадым, бірақ қалада осында Арена сынды кереметті салуға болады деп ойламаппын. Бұл жерде барлығы әдемі: кешеннің сыртқы келбеті, көрермендер залы. Бәрі ыңғайлы. Бұл жерге отбасыңмен келіп демалыс күніңді өткізуге болады, бұл жерде қажеттіліктердің бәрі – кинотеатр, бассейн және тағы да басқа ойын-сауық алаңдары бір жерде шоғырланған. Маған бұл жер Семей демесе, онда мен Еуропаның орталығында жүр екенмін деп ойлаушы едім. Бұның бәрі халық үшін, олардың осы жерге келіп демалуларына жасалған. Бұл жерге басқа өңірлерден келіп, Аренадан үлгі алулары керек. Мен қатты әсер алдым. Баршаңызды Абай облысының құрылуымен құттықтағым келеді. Қалаға облыс орталығының мәртебесін осыдан он жыл бұрын беруге де болар еді деп ойлаймын. Біз Семей қаласына арнайы мерекеге қатысу үшін келдік, кеше футболдан жолдастық кездесу өткіздік, футбол ардагерлерімен кездестік. 2-3 жыл ішінде осы облыс көрсеткіштері жоғары облыстардың бірі болады деп ойлаймын», – деді қазақстандық футболдың ардагері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Михаил Гурман.

Семейлік Аренаны Алматылық Аренамен салыстырады, футбол ардагерінің айтуынша, соңғысы көп жағдайда семейлік кереметке жол береді.

«Кеше көлемді спорттық шара – Андрей Карповичтің достарымен жолдастық кездесу өтті. Көптеген жанкүйерлер үшін бұл үлкен мереке болды. Семей Абай облысының орталығы болды, бұл да бәріміз үшін үлкен қуаныш. Бүгін біз Қарағайлыдағы Арена спорт кешенінде болдық. Біз еліміздің көптеген ареналарында болдық, егер бұрындары Алматыдағы Аренамен ешқайсысы теңеспейтін сияқты көрінсе, енді Семейдегі Арена одан да үлкен және ыңғайлы екен. Жастардың бұл жерде жаттығатыны қуантады. Осындай спорттық нысандар Қазақстанның басқа өңірлерінде де салынғанын қалаймын», – деп қосымшалады  «Қайрат» ФК ардагері Құралбек Ордабаев.

Abai Aqparat.kz

Related Articles