Абай облысында республикалық маңыздағы тас жолда көлік өртеніп кетті
Жарма ауданы Әуезов кентіне жақын жерде тас жол үстінде жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Жарма ауданы Әуезов кенті маңындағы тас жолда Фольксваген көлігі өртеген. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылармен 8 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің негізгі шығу себебі — электр жабдықтарындағы ақаулық және көлік құралдарын және ондағы қондырғыларды пайдалану ережелерін бұзу.
Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында 64 автокөлік өрті тіркелген.
Abai Aqparat.kz