Семейде сот органдарымен іздестірілудегі қылмыскер ұсталды
Семей полицейлерімен іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың қараша айында пластикалық терезені қысу арқылы Семейдегі жер үйлердің біріне кіріп, одан жарты миллион теңгені және 140 мың теңге соммасында алтын бұйымдарды жасырын ұрлап кеткен қылмыскер ұсталды.
«Ағымдағы жылғы 1 маусымда Семей қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Семей қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінде көзделген, бұрын қылмыс жасағаны үшін қалалық сотымен іздестірілген 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Abai Aqparat.kz