Семейдің өлкетану музейіне ежелгі заманның жәдігерлері табысталды

Семейдің өлкетану музейіне ежелгі жауынгерлердің қоладан және темірден жасалған қарулары тапсырылды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семей қаласының тұрғыны Денис Маторин, Семейден 60 шақырым жердегі Белокаменко ауылының маңында жыртылған өрт қауіпсіздігі жолағына зерттеу жүргізу кезінде ежелгі мәдениетке жататын жәдігерлерді тауып алған.

Жыртылған алқап – ежелгі дәуір заттарын іздеушілер үшін нағыз Клондайк болып табылады. Кезінде ата-бабамыз тастағанның бәрі ұзақ жылдар бойы құм қойнауында сақталып, ауыл шаруашылық техникасы – соқаның арқасында бір сәтте біздің дәуірге тап болуда.

Белгілі семейлік іздеуші-зерттеуші, «Ел Дала» қоғамдық бірлестігінің өкілі Денис Маторин дәл осы жыртылған алқапта серуендеп жүріп, осыдан мың жыл бұрын Белокаменка ауданында тұрған ежелгі тұрғындардың металл заттарын  тапты. Жәдігерлердің ішінде жебенің, пышақтың, найзаның ұштары, айна және моңғол кезеңіне (шамамен б.з.д. ХІ ғасыр) жататын екі темір зат бар.

«Мен жоғарғы және төменгі Белокаменка ауданында жиі болып тұрамын. Бұл жердің қызықтыратыны, бұл жерде адамдар ежелден тұрып келеді, мен осы жерден әртүрлі дәуірдегі заттар түріндегі дәлелдерді жиі табамын. Осы жолы мені жоғарғы Белокаменка тас жолы маңындағы жаңадан жыртылған өрт қауіпсіздігі жолағы қызықтырды, — деп зерттеудің егжей-тегжейін айтып берді Денис Маторин. – Мен итімді серуендетіп жүріп жыртылған жерді байқадым да, ол жерде не бар екенін көргім келді. Нәтижесінде, бірнеше сағат ішінде мен қола дәуіріне жататын заттарды таптым, табылған жәдігерлер мені одан ары қызықтыра түсті. Өйткені, олардың әрқайсысы адам қолымен, жанымен, ерекше оймен жасалған».

Барлық заттар жақсы сақталған, анық ажыратуға болады және орындаулары тамаша. Ұштардың арасында скифтік үлгі ерекшеленеді, ол үш жүзді және көлемі жағынан андроновтық үлгіден сәл үлкенірек. Ұзартылған үшбұрышқа немесе миниатюрлы найзаға ұқсайды.

Скиф тайпалары Еуропадан Алтайға дейінгі кең аумақта біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырдан біздің заманымыздың IV ғасырына дейін өмір сүрді. Жауынгер халық болғандықтан, олардың көпшілігінде садақ пен жебе болды. Жебе ұштары Евразия аумағындағы барлық алқаптарда жиі табылады.

Белокаменка маңынан табылған қола заттар арасынан дөңгелек үлгіде жасалған айнада ерекше болып табылады. Бұл зат керемет жылтыратылған, жақсы қызмет көрсеткен сияқты, шағылыстыру қабілеті жағынан қазіргі заманғы айналардан сәл ғана кем түседі.

Табылған жәдігерлер арасында тағы екі темірден жасалған бұйым қызығушылық танытады. Олардың бірі – қиғыш сызықты жебе ұшы. Сырт келбеті қауырсынға ұқсас. Қиғыш сызық, қыры кең болуына байланысты жануарларды аулауға немесе сауытсыз жауынгерлерді жоюға арналған. Бұл жауынгерлік зат жануардың немесе жауынгердің денесінде терең жара қалдырды.

«Маған ізденіс жұмыстары не береді? Біріншіден, зат арқылы өткен дәуірдің, біздің заманымызға дейінгі дәуірдің адамдары қалай өмір сүргенін суреттейді. Олар менің көптеген замандастарым ойлағаннан әлдеқайда ақылды болды, ата-бабаларымыздың ақыл-парасаты, ептілігі дамыған болды және олар қолөнер шеберлігін жақсы меігерген. Елестетіп көріңіздерші, олар бәрін, балық аулау ілмектерін, пинцеттерді, скальпельдерді, балғаларды, түймелерді, жебе ұштарын, айналарды, әшекейлерді өз қолдарымен жасады, және қандай сапамен жасағанын әлі күнге дейін біз тамашалаудамыз. Ал біздің дәуір ештеңе ойлап тапқан жоқ, оның барлығын бізге дейін ойлап тапқан», — деп бөлісті өз ойымен ізденуші Денси Маторин.

Денис Маторин барлық табылған жәдіргерлерді облыстық тарихи-өлкетану музейіне табыстады. Айта кетейік, зерттеуші үнемі өлкетану музейінің қорын осындай тарихы мол, көне дәуірлердегі жәдігерлермен толықтыруда.

Abai Aqparat.kz

Related Articles