ШҚО-да тұрғындарды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды
Өскемендіктерді алдап кеткен әйел “алаяқтың құрбаны болдым” деп полицияға арызданған, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 мамырда қылмыстық істі тергеу барысында облыс орталығының 30 жастағы тұрғынымен алаяқтық жасау фактісі анықталды.
Әйел 2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың қарашасына дейін пәтерлерді рәсімдеуге көмек көрсету сылтауымен таныстарынан ақша қаражатын алдап алғаны анықталды. Зардап шеккендер 25-50 жас аралығындағы қаланың алты тұрғыны болып шықты. Олардан қаскүнем өз қызметтері үшін шамамен 13 млн теңге алған.
Белгілі болғандай, күдікті өзін жәбірленуші ретінде көрсетуге тырысып, полицияға жүгінген. Өтініш берушінің айтуынша, Жанна есімді бейтаныс қыз үйді рәсімдеуге көмек көрсету сылтауымен оның 12 800 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденген. Тергеу нәтижесінде әйелдің сөздері жоққа шығарылды, өйткені Жанна есімді қыздың мүлдем жоқ екені белгілі болды.
“Қылмыстың құрбаны” оны алаяқтықты сәтті аяқтау үшін ойлап тапқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) және ҚР ҚК-нің 419-бабы 2-бөлігі (Көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Abai Aqparat.kz