Алаяққа сенген семейлік 600 мың теңгесінен айырылды

Заңды айналып өтпек болған семейлік тұрғын алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 26 мамырында Семей қаласы ПБ Затон ПБ «102» жедел арнасына әкімшілік жауапкершіліктен құтылу мақсатында алаяқтардың айласына түскен 30 жастағы Семей қаласының тұрғыны хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, мамыр айының басында бейтаныс әйел көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау «мәселесін шешуге» көмектесемін деген сылтаумен оның 600 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

«Жедел іздестіру шарасы барысында 46 жастағы күдікті анықталып, ұсталды, жауап алу кезінде ол алған ақшаны жұмсап үлгергенін айтып, кінәсін мойындады. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі – алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ведомство хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles