Семейде 24 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Семейде реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Hyundai Creta көлігін тізгіндеген 35 жастағы әйел адам Әуезов даңғылы бойымен қаланың сол жағалау бөлігіндегі айналма жолға бағыт алып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында 24 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабалданады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles