Абай облысына биылғы жылы медициналық көмек көрсетуге 63,2 млрд теңге бөлінді

Биылғы жылы Абай облысына тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге 63,2 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде гарантты тегін медициналық көмекке – 35 млрд теңге, ал МӘМС – 28,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО бойынша ӘМС Қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді.

  • Қормен тұрғындарға медициналық қызмет көрсету үшін 64 жеткізушімен келісім жасалды. Осы жылдың 5 айы ішінде қаржыландыру 29,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде гарантты тегін медициналық көмек көрсету – 16,3 млрд теңге, МӘМС – 13,3 млрд теңге. Мақсатты топтағы науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге басты назар аударылады. Амбулторлы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге биылғы жылы 5,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде ГТМКК – 5,6 млрд теңге, МӘМС – 0,3 млрд теңге. Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында, тиісті препараттарды алуға қаражатты Қор аванс түрінде уақытылы жіберіп отырады, – деді Ғалымжан Әбілов.

Халыққа Қор жеткізушілерімен ГТМКК және МӘМС пакеттері шеңберінде көрсетілген медициналық көмек төлемі, көрсетілген қызметтің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетіні атап өтілді. Яғни, құжатпен расталған, медициналық көмек көрсету ережелері мен стандарттары сақталған, сондай-ақ клиникалық хаттама ұсыныстары бар нақтылы көрсетілген қызметтер төленеді.

  • Есепті айдың қорытындысы бойынша, Қор филиалының сарапшыларымен 12,2 мың бұзушылықтар анықталды, айыппұлды есептегендегі сомма 297 млн теңгені құрады. Оның ішінде нақтылы көрсетілмеген қызмет 30 жағдайды құрады, жалпы сомасы айыппұлмен есептегенде 196,8 мың теңге. Жеткізуші тарапынан бұзушылықты алдын алу үшін Қормен проактивті мониторинг енгізілді, оның шеңберінде ақау анықталған жағдайда жеткізуші 45 күн ішінде кемшіліктерді жоюы тиіс. Әйтпесе, оған айыппұл салынады. Бұл жаңашылдық медициналық қызметтің қолжетімділігін және сапасын арттырады және жеткізушімен арадағы қатынасты сенімді етеді, – деп қосымшалады Ғалымжан Әбілов.

Жыл басынан бері 2317 ақау анықталды, олардың 60,1%-на 45 күн ішінде кемшіліктерін жоймауларына байланысты айыппұл санкциясы қолданылды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles