Семейде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді
Семей қаласы аумағында 2022 жылдың маусым айының 17 мен 18 күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Әкімшілік полиция бөлімінің ақпаратына сәйкес, ІІМ-де азаматтардың өтініштерін талдау көрсеткендей, жиі қойылатын сұрақтардың көбі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу проблемаларына қатысты болып табылады.
Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тиісінше ұйымдастыру, жол-көлік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жандандыру және азаматтардың ішкі істер органдарының қызметіне деген сенімін арттыру мақсатында санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, Семей қаласы аумағында 2022 жылдың маусым айының 17 мен 18 күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіледі.
Азаматтарды қабылдау әлеуметтік желіде онлайн форматта өтеді.