Семейдегі Қазақстандағы тұңғыш телеграф ғимараты тарихи ескерткіш мәртебесінен айырылды

1873 жылы Семейде Қазақстан аумағындағы қашықтықтан байланыс орнатуға мүмкіндік беретін тұңғыш телеграф ашылды. 1915 жылы оған арнап арнайы ғимарат салынды. Ал 2020 жылы, бірегей тұңғыш телеграф ғимаратының 105 жылдығына арнап, сәулет ескерткіші мәртебесінен айырып, ажал сыйын ұсынған көрінеді. Бұл дегеніміз, көне құрылыс қабырғалары көп тұрмайды, күреліп тасталады.

Коммуникациялық революция

Телеграфты байланыс Семей жеріне ХІХ ғасырдың 70 жылдары келді. Бұл Жібек Жолы бойында орналасқан сауда қаласы үшін нағыз экономикалық революция болды. Саудадағы серіктестерімен байланыс орнату, тауар қозғалысын бақылау, өз филиалдарымен байланыс орнату үшін, айлап хат тоспай, тікелей, уақытылы хабарласу сол уақытта керемет болып көрінді. Басында телеграфты шағын жер үйге орналастырды, ал сол Қазақстандағы тұңғыш Барнаул-Семей телеграф желісіне 14 аппарат орналастырды. Кейіннен телеграф стансасы кішкентай үйге сыймайтындығына көздері жетті және 1915 жылы телеграфты қала орталығында жеке тұрған үлкен ғимаратқа орналастыру туралы шешім қабылданды.

  • Осы тұңғыш телеграф ғимаратынан Қазақстанның байланыс тарихы басталады, — деп түсіндіріп өтті «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшесі Ольга Исаева. – Құрылым үлкен болды және жарты кварталды алды, ал оның алдына қаладағы бірінші шамдар орнатылды.
Фото: Руслан Шақабаев

Музейлер қалай жоғалады

Жарты ғасырдан кейін Семейде жаңа, заманауи байланыс үйі салынды. Телеграф ғимаратында техникалық контор орналасты, ал 1980 жылдың соңында ғимарат қаңырап бос қалды. Егер энтузиаст Владимир ЛУШНИКОВ болмағанда телеграф ғимаратының тағдыры қалай болатынын кім біледі. Еңбек және байланыс ардагері, инженер және өлкетанушы осы ғимаратта байланыс музейін ұйымдастыруға шешім қабылдады. 1989 жылы музей ашылды. Ал 10 жыл өткеннен кейін ғимаратқа ресми түрде өнеркәсіптік архитектура ескерткіші мәртебесі берілді.

Владимир Лушников ашқан ерекше музейден ХІХ-ХХ ғасырларда шығарылған пошта, телеграф, телефон және радиобайланыс аппараттарын көруге болады. Мысалы, 1872 жылы семейде тұңғыш соғылып бастаған Морзе телеграф аппараты немесе Ұлы Отан соғысы жылдарында алынып, Ертіс бойындағы қалаға әкелінген американдық коммуникация жабдығы. Экспонаттар қатарында алғашқы радиоторап аппараттары және 1949 жылы шығарылған әйгілі «КВН» телевизоры болды.

  • Лушников музейінде бірегей, баға жетпес, Қазақстанның бірде бір музейінде жоқ экспонаттар болды, — деп атап өтті Ольга Исаева. – Владимир Лушников өмірден өткеннен кейін музейде жойыла бастады. Тарихи экспонаттардың жартысы радиотехника және байланыс колледжіне, жартылай сол уақытта жұмыс істеп тұрған темір жол училищесіне берілді. Қалғандары, жеке коллекционерлердің қолдарына өткен көрінеді. Өте өкінішті. Осындай жәдігерлері бай, еліміз бойынша теңдесі жоқ музеймен мақтануға болар еді ғой.

Ұтылған текетіресу

Тарихи ғимараттың өзіне тоқталатын болсақ, міне 20 жылдан астам уақыт тағдырдың еркіне тасталып, қаңырап бос тұр. Оның маңайына тұрғызылған бизнес-кеңселер және ішімдік мекемелері ақырындап ғимараттың біраз бөліктерін өздеріне иемденіп алды. Бірақта ғимараттың негіз қалды, бірақ ескерткіш мәртебесіне және «мемлекет қорғау» ережесіне қарамастан күтімсіз, жылусыз, қараусыз қалып, ғимарат қирауда. Қазіргі уақытта оның төбесі опырылып түскен. 2016 жылы жасалған есептеу бойынша, ескі ғимаратты қайта қалпына келтіруге 150 миллион теңге көлемінде қаражат қажет болған.

  • Соңғы 20 жыл шамасында біз тұңғыш телеграф ғимаратын сақтап қалуға тырыстық. Басында оны өлкетану музей алады делінді, содан кейін – Татар мектебі алады деді. 2019 жылы Семей әкімі Ермак Сәлімов ғимарат жөнделіп, бір нұсқалар бойынша, қоғамдық ұйымға беріледі деп уәде берген. Барлығы жай ғана бос сөзбен аяқталды. Өйткені қаланың орталығындағы бұл жер біреуге керек болды. Кімге екенін білмеймін, әйтеу ақшасы бар адамдар екені анық. Осыған байланысты менде, билік басындағылар ғимараттың өздігінен құлағанын, содан кейін оны еш кедергісіз бұзу үшін күтіп отырған сияқты деген сезім бар, — деп тоқталды «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшесі Павел Жуков.
Фото: Руслан Шақабаев

Үйреншікті ұсқынсыздық

Бірақ белгілі болғандай, билік проблемалық тарихи ғимараттан құтылудың тезірек жолын тапқан көрінеді. Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараты бойынша, мемлекетпен қорғалатын ескерткіш мәртебесі тұңғыш қазақстандық телеграфтан алынып тасталған. Шенеуніктердің түсіндірулерінше, «тозығы жету себептерімен» ғимарат тарихи және архитектура ескерткіштері тізімінен шығарылған.

  • Бұл тәртіпсіздік! — наразылық танытты Павел Жуков.  – Ескерткіш болып табылатын ғимараттардың санын көбейтудің орнына, бізде көне ғимараттарды қорықпай жою үшін және оның орнына кезекті сырахана салу үшін ескерткіштерден мәртебелерін алып тастауда. Бұл тарихты, біздің тарихи ескерткіштерімізді жою, бұл дегеніміз бізді өткенмен байланыстырып тұратын тамырды жою! Яғни, адамдардың бастарында ми болмайды, сондықтан оған кез келген сандырақты қоюға болады деген сөз. Солай жасалып жатыр. Осы тапсырманы біздің шенеуніктер мүмкін білместен, ойланбастан жасауда, одан ары не болар екен.

Бірақ, қазіргі жағдайдан белгілі болғандай, ашу, кернеу бұдан былай бірегей тарихи ғимаратты құтқара алмайды. Ескерткіштің ресми мәртебесінің болмауы оны кез келген уақытта сатып жіберуге мүмкіндік береді, ал жаңа иесі оны бұзып, оның орнына қазіргі Семейде модаға айналған, дөрекі, бірақ алтын плиткалармен қапталған тік төртбұрыш салуды ұзаққа созбайтыны анық. Қарапайым етіп салады, бірақ өте табысты. Қаламыздағы шенеуніктерге пайда әкелудің орнына, бастарына бәле болып жабысқан, қайта қалпына келтіруі қыруар қаражатты қажет ететін тарихи ғимаратты қайта жөндегеннің орнына, оданда осындай ғимараттарды мәртебелерінен айырып, еліміздің тарихи орталығы деп танылған қала орталығынан кәсіпкерлердің кезекті мейрамханаларын ашып, табыс тапқандары тиімді көрінетін сияқты.

Abai Aqparat.kz

Related Articles