Семейде медицина қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды
Бұл мемлекет қарамағындағы қызметтік тұрғын үй. Жаңа пәтерлердің кілттерін ақ халатты абзал жандарға қала әкімі Бақытжан Байахметов табыстады, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
«Ең бастысы – адамдармен жұмыс істеу. Дәрігер мамандығы кейде алғыссыз болады, бірақта өте қажетті мамандық. Сіздер үлкен жұмыстар жүргізудесіздер. Пандемия кезінде сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше маңыздылығын бәріміз сезіндік. Сіздер халқымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін бар күш-жігерлеріңізді жұмсадыңыздар. Облысымызға және қаламызға жаңа техникалар әкелінуде, бірақ мұнда мамандардың өздері маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті шаһар басшысы.
Сонымен қатар Бақытжан Байахметов бүгіндері медицинаны дамыту саласында ауқымды жұмыстар жасалып жатқанын атап өтті.
«Медицина дамуда. Енді біздің азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ, медициналық қызметтер адамдарға жақын және қолжетімді болды. Болашақта біз кеңейе түсуіміз керек, әсіресе бізде жоғары білікті мамандар бар. Бұл қуанбасқа болмайды», — деп түйіндеді әкім.
Тұрғын үй комиссиясымен Семейде тұрғын үйге мұқтаж мамандар іріктеліп алынды. Бұл — онколог, химиотерапевт, радиолог және неонаталог мамандары. Осы мамандық иелеріне жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
Abai Aqparat.kz