1,5 келіден астам есірткі сатпақ болған Риддер тұрғыны ұсталды
Риддер тұрғыны 1,5 келіден астам есірткі сатпақ болған, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Риддер қаласының 44 жастағы тұрғынының есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы туралы ақпарат келіп түсті. Тексеруді бастағаннан кейін ақпарат өзінің растауын тапты.
1 маусымда “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары аталған ер адамды ұстады. Өзімен бірге белгілі бір иісі бар өсімдік тектес 3 полимерден және бір қағаздан жасалған түйіншек болған. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ұқсас құрамы бар 86 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.
Жүргізілген сараптама күдіктіден алынған заттардың жалпы салмағы 1 503,2 грамм кептірілген марихуана есірткі екенін көрсетті.
– Ұсталғаннан кейін күдікті қамауға алынды, қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – делінген ведомство хабарламасында.
Abai Aqparat.kz