Семейде алаяқ әйел ұсталды

Көмектесемін деген әйел заң алдында жауап бермек, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласының 66 жастағы тұрғынының алаяқтық туралы арызы Орталық полиция бөліміне маусым айының басында келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, 2022 жылдың наурызында бейтаныс әйел алдау және сеніміне кіру жолымен пәтер алуға көмектесемін деген сылтаумен 1 300 000 теңге қаражатын иемденген.

«Аталған қылмысты ашу және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар адамды анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер 52 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта ұрланған қаражат ішінара тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles