Семейде Ертіс өзеніне ер адам батып кетті
Рұқсат етілмеген жерде Ертіс өзеніне шомылған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 маусымда Ертіс өзенінің жағасында рұқсат етілмеген жерде өзенге шомылған 1985 жылғы ер адам суға батып кетті. Ер адамды іздеуге сүңгуірлердің күші жұмылдырылды.
21 маусымда сағат 10:57-де жағадан 40 метр жерде, 5 метр тереңдікте ер адамның денесі табылды.
Abai Aqparat.kz