«Семей Орманы» резерватындағы өрт оқшауланды

Абай облысында шыққан орман өрті оқшауланды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 маусымда сағат 04:22-де Бесқарағай ауданындағы орман өрті оқшауланды.

«Шамамен алғанда өрттің аумағы 280 га, оның ішінде 150 га орман аймағы, 130 га ауылдық округ жері. Тұрғылықты мекендерге қауіп жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі — найзағайдың түсуі немесе басқа да  ықпал. Тілсіз жаумен күреске ШҚО ТЖД жеке құрамынан 37 адам және 8 бірліктегі техника, орман шаруашылығынан 60 жұмысшы және 25 бірліктегі техника жұмылдырылды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, орман өрті 21 маусымда сағат 18:45-те Грачи ауылынан 15 шақырым жерде, Долон филиалы аумағында басталған болатын.

Abai Aqparat.kz

Related Articles