Семейде «Уақыт машинасы – ретро дәуір» атты көрме ашылды

Семейде Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Уақыт машинасы – ретро дәуір» көрмесі ашылды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Музейде көрмеге жеке коллекциялардағы және қордағы 300-ден астам экспонат қойылды. Барлық экспонаттар ХХ ғасырға жатады. Экспозиция бірнеше бөлікке бөлінген: «Ер мен әйел», «Тұрмыс», «Кеңестік дәуірдеге балалық шақ», «Білім және мектеп», «Саяхат», «Мерекелер», «Дәуірлік оқиғалар», «1957 жылғы VІ Дүниежүзілік жастар мен студенттердің фестивалі», «Ғарышты игеру», «Олимпиада-80», «Кино және мультфильмдер», «Эстрада және әдебиет».

«Сол алыс емес уақыттағы адамдар қалай өмір сүрді, олар не киді, қандай музыка тыңдады, олар нені жақсы көрді, «Уақыт машинасы – ретро дәуірі» көрмесінде ХХ ғасырдың әдебиеті мен өнері және тағы басқалар туралы айтады.

Экспозиция дәуірдің стилі мен көңіл-күйін көрсетеді, сонымен қатар интерактивті бірнеше фото аймақ дайындалған. Бұл телефон кабинасы, кеңестік дәуірдегі қонақ бөлме бұрышы», – деп айтып өтті көрме жұмысының меңгерушісі Владимира Мирсалимова.

Айтып өту керек, көрменің ашылуына келген қонақтардың көңіл-күйлерін көтеру үшін Yuna продюсерлік орталығы мен М.Төлебаев атындағы колледж студенттері кеңестік хиттарды орындады, ал  UModels модельдік мектебінің тәрбиеленушілері сол дәуірдегі сән көрсетілімін көрсетті.

Abai Aqparat.kz

Related Articles