Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

2022 жылғы 22 маусым күні сағат 01:26 Шығыс Қазақстан облысының Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 9 вагоны рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

«Цемент тиелген вагондар жеке операторлардың меншігі, оның ішінде үш вагон Ресейге, 6 вагон Қазақстанға тиесілі. Тергеуге қатысу үшін вагон иелеріне оқиға туралы хабарлама жіберілді.

Пойыз сағатына 36 шақырым  жылдамдықпен келе жатқан (бұл учаскеде белгіленген жылдамдық сағатына 40  шақырым). Жүк шығындалып, адам жапа шеккен жоқ. Апат салдарынан темір жолдың 150-200 метрі аумағы зақымдалған. Бұл істі тексеру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арнайы комиссия құрылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Өскемен және Аягөз станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді. Бұл жағдай жолаушылар және жүк пойыздарының жүру кестесіне әсер еткен жоқ.

Abai Aqparat.kz

Related Articles