Биылғы жылы Семейде 14 ауланы аббаттандыру жоспарлануда

«Менің аулам» бағдарламасы аясында ТКШ бөлімімен Семей қаласындағы аулаларды аббаттандыру бойынша іс-шаралардың жоспары әзірленді, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Биылғы жылы көпқабатты 54 тұрғын үйді қамтитын 14 ауланы аббаттандыру жоспарлануда.

Семейдің қала сыртындағы аудандарын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде, биылғы жылы қаладағы 34 учаскеде балалар, спорттық алаңдарын және футбол алаңдарын орнату жоспарлануда.

Қаладағы тұрғын аудандардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге арналған 115 жабық алаң салынады, 500-ге жуық контейнер орнатылды.

Сондай-ақ Знаменка тас жолы бойындағы зират аумағына қоршауды орнатуға, Восход кентінде саябақ аймағын құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Abai Aqparat.kz

Related Articles