Семей қаласының гербі бекітілді
Семей қаласы мәслихатының кезекті 25-ші сессиясында Семей қаласының гербі бекітілді, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Депутаттар Семей қаласының гербі мен оның толық сипаттамасын бекітті. Жергілікті атқарушы органға гербті пайдалану тәртібін анықтау ұсынылды.
Қалалық гербтің шеңбер түрінде болуы мәңгіліктің символын айшықтайды.
Жасыл түс — табиғаттың, үйлесімділік пен тепе-теңдіктің символын білдіреді, сондай-ақ, қайта жаңғырумен байланысты. Геральдика заңдары бойынша күн өмір жолын сипаттайды.
Гербтің ішінде — бақыт символы түріндегі ою-өрнекпен көмкерілген шаңырақ бейнесі бейнеленген.
Айқас төрт бөліктің (күлдіреуіштер) арасында кітап, қарағай, түйе және көпірдің сұлбасы бейнеленген. Бұл барлық төрт бөліктің теңдігінің дәлелін булдіреді.
Кітап Семей қаласын Қазақстанның рухани-мәдени орталығы, Абай, Шәкәрім, көрнекті жазушы М.Әуезов сынды ұлы ойшылдардың Отаны ретінде бейнелейді.
Шаңырақтың сол жақ бөлігінде орналасқан қарағай суреті өңірдің табиғи бейнесінің ажырамас бөлігі ретінде бейнеленген (Семейде бірегей қарағай орманы орналасқан).
Түйелер – ғасырлар жүгін арқалаған дала кемесіндей, сондай-ақ ескі гербтің тарихи құндылығын бейнелейді. Революцияға дейін Семей қаласы Ресей мен Батыс Қытай қалаларының сауда орталығы болған және Жібек жолының бөлігі саналған.
Жаңа көпір — заманауи жетістіктердің көрсеткіші және Семей қаласының көрікті жері саналады.
«Семей» атауы символдың төменгі жағында орналасқан және алтын әріптермен жазылған.
Алтын түс — әл-ауқат пен өркендеудің символы. Сары және көк түстің араласуы жасыл түске айналып, жомарттықтың, жанданудың және жақсы істің бастамасының символын білдіреді.
«Бейбітшілік» аралының «Түйемойнақ» стеласындағы жеті қарлығаштың бейнесі – қырық жылғы атом сынақтарын жеңгенінің айқын көрінісі саналады. Қазақ халқы үшін жеті саны қасиетті, көптеген ұғымдар «Жеті ұрпақ», «Жеті Қара» және т. б. осы санмен байланысты.
Қарлығаштардың шаңырақты айнала ұшуы шексіздікті, қаламызға мәңгілік бейбітшілік пен келісім тілейді.Олар өз ұяларын бейбітшілік пен тыныштық орнаған гүлденген шаңыраққа салады.
Осылайша, Семей қаласының жаңа гербінде қаланың рухани, тарихи, табиғи және заманауи келбеті көрініс тапқан.
Қала гербінің авторы қалалық мәдениет сарайының қоюшы суретшісі Ерлан Шаяхметұлы Әмірбек.
Сонымен қатар қаланың жаңа гербін әлеуметтік желілерде қала тұрғындары терең талқылауға алып, көңілдері толмайтындықтарын айтуда: «Жаңа белгі: кіруге тыйым салынған ба? Дәл осындай ойдамыз…», «Қалалардың гербі әдетте тікбұрышты. Бұл дөңгелек герб емес, эмблема сияқты», «Ескі гербті қайтару керек еді…».
Abai Aqparat.kz