Семейге жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары және бірқатар министрліктің өкілдері келді
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың шақыруы бойынша Семейге жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары және бірқатар министрліктің өкілдері келді, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Делегация Абай облысының даму перспективаларын талқылауға қатысты.
Аграрлық секторды дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болды. Отырыста жергілікті шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері ауыл шаруашылығын, жалпы ауылдарды дамытудың маңыздылығын талқылады.
Жергілікті кәсіпкерлер жергілікті өндірістік брендтерді қайта жандандыруға ниет білдірді.
Делегация майлы дақылдарды өңдеумен, тазартылмаған майды өндірумен және экспорттаумен айналысатын «Qazaq Astyq Group» ЖШС жұмысымен танысты.
Кәсіпорынның қуаттылығы — тәулігіне 1000 тонна күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна рапс/зығыр тұқымын өңдейді. Компанияда 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Зауыт өнімдері сыртқы нарықтарға жеткізілетін өсімдік майымен Қазақстан Республикасының ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді.
— Әзірге экспорт жоқ, бірақ біз оны күзге дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жылыту маусымы басталысымен нарықта сұраныс пайда болатынын түсінеміз. Бұл ретте біз өнімнің 20% ішкі нарық үшін қалдыруға дайынбыз. Тазартылмаған майды біз тазарту және құюмен айналысатын зауыттарға сатамыз. Біздің зауыт бүгінде тазартылмаған майды шығарады және оны құю және тазарту сызығынсыз теміржол арқылы босатады. Бірақ біз осыған келе жатырмыз, алдағы жоспарларымызда осындай жобалар бар, — деді «Qazaq Astyq Group» ЖШС Бас директоры Николай Ушаков.
Делегацияғы кәсіпорын бойынша экскурсия жүргізілді және оның жұмысымен толығырақ таныстырды.
Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев компанияның жоғары қуаттылығын атап өтіп, ішкі нарықты молықтыру үшін өнім шығаруды ұлғайтуға кеңес берді.
Келесі кезекте «Нұр» шаруа қожалығы болды. Бүгінде шаруашылық асыл тұқымды мал мәртебесіне ие. Етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал өсіріліп, жылқы және ұсақ қара малдың асыл тұқымды тұқымдарын өсірумен айналысады. Мұнда көпжылдық шөптер өсіріледі, оларды суару далаға жақын орналасқан қалалық тазарту қондырғыларынан тазартылған ағынды суларды жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық басшысының айтуынша, бұл судың құрамында егінге пайдалы әсер ететін көптеген пайдалы минералдар бар.
Делегация өкілдері ерекше суару қондырғысын жоғары бағалады.
«Мұнда біз суды тиімді және өнімді пайдаланудың жарқын мысалын көріп отырмыз. Жалпы, біз қалалар тұтынатын және төгетін барлық суды ұтымды пайдалана алатын фермерлерге заңнамалық түрде көмектесуіміз керек. Бұл мәселелердің барлығы мемлекет тарапынан субсидияланады, жұмыс міндетті түрде жалғасады», — деді экономикалық реформа және өңірлік даму мәселелері бойынша комитетінің төрағасы Альберт Рау.
Кездесуді қорытындылай келе, ол қазіргі уақытта облыста шұғыл түрде шешуді талап ететін және стратегиялық мәселелер бар екенін айтты.
— Келесі жылдың өзінде бюджет аясында бүгінде басымдыққа ие заттарға қаражат бөлінетін болады. Бірінші кезекте, бұл ауылдық елді мекендердегі таза ауыз су, сондай — ақ «AMANAT» партиясының міндеттемелері — бұл «Ауыл бесігі» және басқа да жобалар. Облыс бастамашылық ететін барлық жобаларды біз қолдаймыз және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын қарауға қосымша бастамашылық етеміз. Стратегиялық мәселелер де бар. Қазіргі уақытта облыстың әлеуеті бар. Бірінші кезекте, логистикалық. Мысалы, бүгін таңертең отырыста біз су көлігінің жұмысын қалпына келтіруді, Қытай мен Ресей арасындағы жағдайды өте нәтижелі талқыладық. Мұның бәрі стратегиялық сипаттағы мәселелер. Яғни, облыста орта мерзімді кезеңге арналған даму бағдарламасын әзірлеу қажет, — деп түйіндеді Альберт Рау.
Кездесу соңында делегация өкілдері облысқа Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді.
Abai Aqparat.kz