ШҚО-да “Кальмар ойыны” сериалының маскасын киіп, жанар май стансасына шабуыл жазаған күдікті ұсталды

Маска киген Өскемен тұрғыны ЖЖҚС-на шабуыл жасады, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 мамырда Өскемен қалалық ПБ “102” жедел каналына өтініш келіп түсті. Қоңырау шалушы түнде белгісіз ер адам танымал “Кальмар ойыны” сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі ЖЖҚС-на кіріп, онда кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады.

Сигналды қабылдап, тәртіп сақшылары осындай батыл қылмысты ашуға дереу кірісті. Тергеу іс-шараларының барлық кешенін жүргізген криминалдық полицияның жедел қызметкерлері ізін суытпай 2 сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылды, ал тапаншаның өзі үйде тәркіленді, ол ойыншық болып шықты.

«Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сараланады, санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – делінген ведомсвто хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles