Абай облысының әкімі Көкпекті орта мектебімен танысты

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті орта мектебінің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Мектеп директоры Нұргүл Сарманова облыс басшысын білім беру мекемесінің жағдайымен таныстырды.
Көкпекті орта мектебінің ғимараты 2008 жылы салынып, пайдалануға берілді. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Бірінші ауысымда 450 бала, екінші ауысымда 212 бала оқиды, барлығы 662 бала.

Айта кетейік, жақын арада мектепке Қабанбай батыр есімі берілмек. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар ономастикалық комиссияға жолданған.

Abai Aqparat.kz

Related Articles