Музыка жан дүниесі мен шығармашылығында: Арғынбек Ахметжанов

2018 жылғы 12 маусымда ұлттық музыкалық аспап – домбыра күні бекітілді, ол шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құжаттық байлықтарының ішінде Прииртышья Композиторлар Одағының мүшесі, КСРО журналистер одағының мүшесі Арғынбек Ахметбекұлы Ахметжановтың жеке қоры ерекше орын алады.

Арғынбек Ахметжанов – жан-жақты дарынды тұлға. Музыкалық және журналистік қабілеттіліктерімен бірге музыкалық аспаптар мен қазақ халқының тұрмысында кездесетін алуан түрлі бұйымдарын жасай алады. Ұлы ойшылдар Абай мен Шәкәрімнің сөзіне музыка жаза отырып, өзі домбыра жасаған, өзі жасаған домбырада өзінің музыкалық туындыларын дыбыстауды жөн көреді. Өзінің шығармашылық қызметі жылдарында ол 100-ге жуық домбыра жасады. 15 жыл бойы ортағасырлық ғалым әл-Фарабидің музыка теориясы бойынша еңбектерін оқып, соларға сүйене отырып, 2012 жылы «әл-фар-а» деп аталатын үш ішекті музыкалық аспапты жасап шығарды және осы туындысын патенттеді.

Арғынбек Ахметбекұлы 1936 жылы Семей облысы Абай ауданы Тельман атындағы колхозда дүниеге келген. 1950 жылы Саржал жеті жылдық мектебін бітіріп, Семейдегі орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны бітіргеннен кейін бастауыш мектеп мұғалімі мамандығын алды. Осы жылдары ол музыкаға қызығушылық танытты. 1954 жылы Семей облыстық халыққа білім беру бөлімінің жолдамасы бойынша еңбек жолын Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының Күлмен жеті жылдық мектебінде 3-сынып мұғалімі болып бастады, содан кейін Көкпекті ауданы Биғаш ауылының В.Маяковский атындағы орта мектебінде 5-7 сыныптардың матемтика математика пәнінің мұғалімі және аға пионервожатый, содан кейін Семей облысы Абай ауданы Саржал орта мектебінде және Құндызды ауылдық мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1959 жылдың наурызында А.Ахметжанов Қазақстан ЛКЖО Абай аудандық комитетінің екінші хатшысы болып сайланды, 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО Семей облыстық комитетінің комсомол органдары бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді, 1962 жылдың мамырынан 1963 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан ЛКЖО Абай аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1963 жылдың қаңтарында Қазақстан КП Абай аудандық комитетінің нұсқаушысы лауазымына тағайындалды.

1963 жылдың тамыз айында өзінің негізгі мамандығына оралды – Семей облысы Абай ауданының Құндызды сегізжылдық мектебіне 5-6 сыныбының орыс тілі мұғалімі болып қабылданды. 1964 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша, ал 1967 жылы – Алматы жоғары партия мектебінің журналистика мамандығын сырттай тәмамдады.

1969 жылдан 1975 жылға дейін Абай аудандық радиохабарларын таратуды ұйымдастырушы – тілші, 1975 жылдан 1980 жылға дейін Семей облыстық «Семей таңы» газетінің тілшісі, содан кейін Семей облыстық теледидар және радиохабар жөніндегі комитетінің аға редакторы болды, осыған байланысты 1986 жылы Алматы қаласындағы Қазақ КСР Телевизия және радио хабарларын тарату мемлекеттік комитеті жанындағы «экономикалық тақырыптарға хабарлар дайындайтын редактор жұмысының әдістемесі мен практикасы» мамандығы бойынша теледидар және радио қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын аяқтады.

1996 жылдан бастап, құрметті демалысқа шыққаннан кейін Арғынбек Ахметбекұлы Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын насихаттаумен тікелей айналыса бастады. 2000 жылдан 2009 жылға дейін Семей концерттік-гастрольдік қызметі дирекциясының музыкатанушы дәріскері ретінде Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарына барды. Мектеп оқушылары мен студенттік аудиториялар алдында дәріс–концерттерімен сөз сөйлей отырып, Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығын насихаттады, Қазақстандағы музыкалық білім мен музыкалық инструменттердің дамуы туралы терең мағлұматтар берді.

Өзі поэзияны өте жақсы көретін, көптеген өлеңдерді жатқа білетін, халықтық қолданбалы өнердің дарынды шебері болған әкесі Абай мен Мұхтар Әуезовтің поэзиясына деген сүйіспеншілікті оятты. 18 жасында, училищені аяқтағаннан кейін Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтың кіндік қаны тамған Қасқабұлақ ауылына жұмысқа келіп, Арғынбек Ахметжанов Абайдың «Шыңғыстау», «Мотылек, чей светел наряд…» өлеңдеріне өзінің алғашқы әуендерін жазды. Екі әні де танымал болды, Қазан айының 40 жылдығына орай Семей қаласында өткен көркемөнерпаздар композиторларының облыстық байқауында жүлделі орындарға ие болды және Семей облысының композиторларының шығармалар жинағына енгізілді. Содан бері А.Ахметжанов Абайдың 40-тан астам өлеңіне әуен берді. Абай әндеріне Арғынбек Ахметбекұлы екі тілде құрастырған түсініктемелері әндердің шығу тарихын білуге, Абайдың философиялық-көркемдік көзқарастарын және А.Ахметжановтың композиторлық стилінің дамуын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Ол  алпыстан астам ән мен романстарға, соның ішінде Шәкәрімнің өлеңдеріне, белгілі қазақстандық ақындар Қ.Аманжоловтың, Қ.Мырзалиевтің, М.Әлімбаевтың өлеңдеріне және жеке өлеңдеріне музыка жазды. Арғынбек Ахметжановтың туындылары Ж.Кәрменов, М.Ешекеев, Б.Сыбанов, Т.Рахимов, Р.Байдалина, Д.Хайруллин және т. б. сияқты республикаға еңбек сіңірген және халық әртістерінің орындауының арқасында республикамызда жақсы танымал. Оның музыкалық шығармалары «Біздің өлеңдеріміз» (Семей қ., 1957 ж), «Әнің болып төгілемін» (Алматы қ., 1982 ж), «Құлақтан кіріп, бойды алар» (Алматы қ., 1993 ж), «Сағыныш» (Алматы қ., 1995 ж), «Сазды сапар» (Семей қ., 1999 ж), «Рухани жол» (Семей қ., 2014 ж).

А.Ахметжанов – 1967 жылдан бастап КСРО Журналистер Одағының мүшесі, 2002 жылдан бастап Ертіс өңірі Композиторлар Одағының мүшесі және «КаzАК» Қазақстан авторлық қоғамының мүшесі. 1995 жылы оның есімі Абай өлеңдеріне ән жазған композитор ретінде «Абай энциклопедиясына» енгізілді. 2006 жылы көп жылдық шығармашылық қызметі, музыкалық өнерді дамытуға, Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін және туғанына 70 жыл толуына байланысты Семей қаласы әкімінің грамотасымен марапатталды.

Арғынбек Ахметжанов өзінің бірінші ұстазы деп Шәкәрім ұлдарының бірі – Ахат Құдайбердіұлын, екінші ұстазы деп – халық ақыны Шәкен Әбенов есептейді. Ол 1999 жылы жарық көрген «Сазды сапар» («Путь к духовности») кітабын соларға арнаған, онда өзінің шығармашылығы, өмірі, ұстаздары туралы айтқан.

Арғынбек Ахметжанов Абай, Шәкәрім Құдайбердіұлының және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттауға, Қазақстанның әдебиетін, өнері мен музыкалық мәдениетін дамытуға жеке үлесін қосты.

Наталья Яковлева, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының мұрағатшысы

Қазақ тіліне аударған Semeynews.kz тілшісі.

Related Articles